Атырау облысында «ҚР БЭЖ батыс аймағының электр желісін күшейту» жобасы жүзеге асырылуда

Атырау облысында «ҚР БЭЖ батыс аймағының электр желісін күшейту» жобасы жүзеге асырылуда

Қазақстанның энергетикалық ведомствосының басшысы Болат Ақшолақов Атырау облысының тұрғындарымен кездесуде сөйлеген сөзінде: «Атырау қаласы мен Атырау облысын электр энергиясымен жабдықтауды негізінен Атырау ЖЭО мен «Karabatan Utility Solutions» ЖШС газ турбиналы электр станциясы жүзеге асырады», - деп хабарлады.

 

Өңірде 2022 жылдың 7 айында 4,268 млрд.кВтсағ. электр энергиясы өндірілді, облыстың ішкі тұтыну көлемі– 3,9 млрд. кВтсағ.

 

Атырау облысын алдағы жылыту маусымына сапалы және уақытылы дайындау мақсатында «Атырау ЖЭО» АҚ 3 қазандық агрегаты мен 2 турбоагрегатына, 13,2 км жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Бүгінде Батыс Қазақстан және Атырау облыстары өткізу қабілеті 100 МВт 220 кВ электр беру желісімен байланысқан. Осы желіні жөндеуге шығарған кезде Атырау және Маңғыстау облыстарының энергия жүйелерінің оқшауланған жұмысқа көшуі жүреді, бұл тұтынушылардың электрмен жабдықтау сенімділігіне теріс әсер етеді.

 

Аталған міндетті шешу үшін «ҚР БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту» жобасы іске асырылуда. Бұл Атырау облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың өткізу қабілеті мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны аяқтау 2024 жылға жоспарланып отыр.