Атырау және онымен шекаралас облыстардағы 4 жер қойнауы учаскесі бойынша қорытынды қол қою бонусы 2,4 млрд. теңгені құрады

Атырау және онымен шекаралас облыстардағы 4 жер қойнауы учаскесі бойынша қорытынды қол қою бонусы 2,4 млрд. теңгені құрады

Өңірде Қазақстанның 118 кен орны орналасқан, көмірсутектер бойынша 78 келісімшарт жасалған. Бүгінгі таңда өндірілетін мұнай қоры шамамен 3,3 млрд. тонна, ал газ қоры 200 млрд.м3-ден асады, - деп атап өтті ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов 2022 жылғы 12 тамызда Атырау облысының тұрғындарымен кездесуде.

 

2022 жылы Атырау және онымен шекаралас Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында орналасқан 4 жер қойнауы учаскесіне көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион өткізілді.

 

Қорытынды қол қою бонусы шамамен 2,4 млрд.теңгені құрады, бұл бастапқы қол қою бонусынан шамамен 10 есе артық.

 

Сондай-ақ жақын арада аталған жер қойнауы учаскелерінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, оларға салынған инвестиция көлемі 5,3 млрд.теңгені құрайды.

 

Бүгінгі таңда Министрлік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде жер қойнауын пайдалануға арналған Жақсартылған модельдік келісімшарт тетігін енгізу бойынша заңнамалық өзгерістер топтамасын әзірледі, онда салықтан босату түріндегі реттеушілік және фискалдық преференциялар көзделеді. Заңнамаға көрсетілген түзетулер ағымдағы жылдың соңына дейін қабылданады, бұл жаңа кен орындарын игеруге серпін береді.