Министрлердің бірлескен мониторинг комитетінің 43-ші отырысы және ОПЕК+ 31-ші министрлер кездесуінің қорытындылары

Министрлердің бірлескен мониторинг комитетінің 43-ші отырысы және ОПЕК+ 31-ші министрлер кездесуінің қорытындылары

Бүгін, 3 тамызда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті.

 

Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты, - деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

 

Отырыс барысында маусым айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.

 

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін қыркүйек айына тәулігіне 0.1 млн.баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

 

Қазақстанның қыркүйек айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,710 млн. баррельді құрайды.