Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мұнай өнімдері қорларының автоматтандырылған мониторингін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ елдің ішкі нарығында мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңына мұнай өнімдері базаларының резервуарларын есепке алу аспаптарымен жарақтандыру міндеттілігі бойынша түзетулер енгізілгенін хабарлайды.
Бұл түзетулер резервуарларды есепке алу аспаптарымен (деңгей өлшегіштермен) жарақтандыру қажеттілігін көздейді.
Осы норманы қолданысқа енгізу мынадай тәртіппен болжанып отыр:
Осы норманы іске асыру үшін Министрлік мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын бекітетін болады.