Министрлердің бірлескен мониторинг комитетінің 42-ші отырысы және ОПЕК+30-шы министрлер кездесуінің қорытындылары

Министрлердің бірлескен мониторинг комитетінің 42-ші отырысы және ОПЕК+30-шы министрлер кездесуінің қорытындылары

Бүгін, 30 маусымда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті. 

 

Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты, - деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі. 

 

Отырыс барысында мамыр айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды. 

 

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тамыз айына тәулігіне 0,648 млн.баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды. 

 

Қазақстанның тамыз айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн. баррельді құрайды.