Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілдері Энергетика министрімен кездесті

Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілдері Энергетика министрімен кездесті

2022 жылғы 25 маусымда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілдерімен кездесті.

 

Кездесуге Энергетика вице-министрлері Әсет Мағауов пен Асхат Хасенов, газ және мұнай-газ-химиясы департаментінің директоры Сәлім Нағым қатысты.

 

Кездесу барысында ведомство басшысы саладағы ағымдағы жағдай, еліміздің мұнай-газ және энергетика секторын дамытудың перспективалық жоспарлары туралы айтып берді.

 

Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, ведомствоның рәсімдерін одан әрі оңтайландыру, өсудің жаңа нүктелерін дамыту (мұнай-газ-химиясы), халықаралық стандарттарды енгізу мәселелері бойынша пікір алмасылды.

 

Сондай-ақ, Болат Ақшолақов резервшілерге ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңеске кіруді ұсынды, оның алаңында мұнай-газ және энергетика салаларының негізгі мәселелері үнемі талқыланады.

 

Бүгінгі таңда ҚР Энергетика министрлігінде президенттік кадрлық резервтің 3 мүшесі ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінде басшылық лауазымдарды атқарады.