ҚР Энергетика министрлігінде ҚР отын-энергетикалық кешені мәселелері талқыланды

ҚР Энергетика министрлігінде ҚР отын-энергетикалық кешені мәселелері талқыланды

ҚР Энергетика министрлігінде Министрлік пен «КазТрансГаз Өнімдері» ЖШС және ҚР  «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында табиғи газды өндіру/тұтынудың, Қазақстанның электр энергетикасы саласын дамытудың, Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің бақылау-қадағалау функцияларын күшейтудің өзекті мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері қаралған тақырыптар бойынша бірқатар сұрақтар қойып, ұсыныстар берді.