ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы Қарағанды облысындағы Топар кентінің электр станциясында болды

ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы Қарағанды облысындағы Топар кентінің электр станциясында болды

2022 жылғы 3 маусымда ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың тапсырмасы шеңберінде Топар кентіндегі ГРЭС-2 электр станциясына барды.

ГРЭС-2 «Топар Басты таратушы энергостанция» ЖШС 2012 жылғы 8 қарашада «Kazakhmys Energy» ЖШС құрамына енгізілді. 2018 жылғы 1 ақпанда ГРЭС-2 «Kazakhmys Energy» ЖШС құрамынан «Топар Басты таратушы энергостанция» ЖШС жеке заңды тұлға болып қайта бөлінді. ГРЭС – 2 1962 жылы пайдалануға берілді, станцияның белгіленген электр қуаты – 643 МВт, жылу қуаты-300 Гкал/сағ.

«Топар Басты таратушы энергостанция» ЖШС келесі жылыту маусымына дайындық шеңберінде ГРЭС-2 жөндеу жұмыстарына 6 млрд.теңге бөлді.

Электр станциясын аралау барысында қуаты 130 МВт, 10,8 млрд теңге сомасына №3 турбинасын ауыстыру бойынша жұмыс тексерілді.

Сондай-ақ, ГРЭС-2 дамыту жөніндегі стратегиялық жоспар шеңберінде 2024 жылдан бастап 2027 жылға дейінгі кезеңде №4 және №7 екі турбинаны ауыстыру жоспарлануда, бұл станцияның қолданыстағы қуатын 60 МВт-қа ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Электр станциясын зерттеу барысында жабдықтың сенімділігін арттыра отырып, электр станциясын жаңғыртудың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы электр станциясын дамыту жоспарын ұсыну қажеттілігін атап өтті.

Энергетикалық кәсіпорындарды алдағы жылыту маусымына тиісті сапамен дайындау ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тұрақты жалпы бақылауында.