ҚР Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыс барысында Қазақстанның электр энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері салаларының дамуы мәселелері қаралды, сондай-ақ Қазақстанның гидроәлеуетінің цифрлық картасы таныстырылды.
Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгеріміне сәйкес елімізде электр энергиясын тұтыну 2035 жылға қарай 152,9 млрд.кВтсағатқа дейін өседі. 2021-2035 жылдар кезеңінде электр энергиясын тұтынудың орташа жылдық өсімі 2,7% - ға артады.
Экономика мен халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін шамамен 17,5 ГВт жаңа генерацияны енгізу талап етіледі, оның ішінде ГЭС – 2,1 ГВт, Газ – 5,1 ГВт, ЖЭК – 6,5 ГВт, көмір – 1,4 ГВт, АЭС – >2 ГВт.
2025 жылы қуаты 1074,76 МВт 53 ЖЭК жобасын (19 ГЭС, 7 КЭС, 23 ЖЭС, 4 БиоЭС) пайдалануға бере отырып, ЖЭК бойынша индикаторды 6% деңгейіне қол жеткізу жоспарланып отыр. Аталған жобаларды іске асыру шеңберінде шамамен 600 млрд.теңге инвестиция тартып, 3,5 млрдткВт/сағ қосымша жасыл энергия өндіру жоспарлануда.
Сондай-ақ «ЭҚРҚО» АҚ Қазақстан Республикасының Гидроәлеуетінің цифрлық картасымен таныстырды.
Цифрлық карта өзен учаскелерінің физикалық гидроәлеуетінің көрсеткіштерін (ГЭС жобаларын әзірлеу үшін перспективалы учаскелер), салынып жатқан ГЭС-тің негізгі көрсеткіштерін (іске асырылып жатқан жобалар), ГЭС-тің нақты өндірістік көрсеткіштерін (пайдалануға берілген объектілер) қамтиды. Оның негізінде инвесторға деректер бойынша жобаны іске асыру жөнінде шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.
Қазақстан гидроәлеуетінің цифрлық картасымен https://hp.korem.kz сайтында толығырақ танысуға болады.