ҚР Энергетика министрлігінде жобалық басқару бойынша семинар өтті

ҚР Энергетика министрлігінде жобалық басқару бойынша семинар өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес 2022 жылы 17 мамырда Энергетика министрлігінің Жобалық офисінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының басшысы Тайжанова Жанар Әлімжанқызының қатысуымен оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында Министрлік қызметкерлері мемлекеттік басқарудың жобалық-желілік моделін енгізу, жобалық басқарудың артықшылықтары, нәтижеге қол жеткізу тәсілдері, жобалық басқарудың тиімділігі, құжатайналымы мен бюрократияны азайту, сондай-ақ оқыту және кәсіби сертификаттау мәселелері бойынша жауаптар алды.