Энергетика министрі азаматтарды онлайн-қабылдады

Энергетика министрі азаматтарды онлайн-қабылдады

2022 жылғы 18 мамырда Энергетика министрі Болат Ақшолақов Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарының, сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында азаматтар Түркістан облысы мен Қостанай облысындағы көшелерді жарықтандыру, Петропавл қаласын газдандыру, сонымен қатар газға баға белгілеу мәселелерін қозғады.

Ведомство басшысы көтерілген мәселелерді шешу бойынша түсініктемелер беріп, оларды пысықтау бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырмалар берді.