Бүгін, 5 мамырда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті.
Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты, - деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.
Отырыс барысында наурыз айында келісім тараптарының міндеттемелерді орындауы талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін ай сайын тәулігіне 432 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
2022 жылғы маусымдағы міндеттемелер тәулігіне 1,655 млн. баррельді құрайды.
Асыра орындалған көлемдерді өтеу кезеңі 2022 жылғы маусымның соңы болып қалады.