ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы Кентау қаласының жылу желілері мен ЖЭО-5-тің техникалық жағдайымен танысты

ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы Кентау қаласының жылу желілері мен ЖЭО-5-тің техникалық жағдайымен танысты

2022 жылғы 22 сәуірде ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында ҚР Энергетика министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері Кентау қаласындағы ЖЭО-5-те болып, жылу орталығының ағымдағы жағдайымен танысты.

Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу барысында бейінді ведомствоның басшысы Болат Ақшолақов қаладағы жылу энергиясының жалғыз көзі болып табылатын Кентау ЖЭО-ның қатты тозғандығын атап өтті.

Қалада жылу энергиясын барынша көп тұтыну сағатына 109 Гкал. құрайды, оның ішінде:

- көп пәтерлі тұрғын үйлер – 46 Гкал/сағ (43%);

- әлеуметтік, коммерциялық объектілер және басқалар саны 24 Гкал/сағ (22%);

- жеке сектор – 39 Гкал/сағ (36%).

Кентау ЖЭО 1952 жылы пайдалануға берілген, ЖЭО-5-тің негізгі жабдықтарының тозуы 100%-ға жетті.

Жылу энергиясын өндіру және беру шығыстарын өтемейтін шығынды тарифке байланысты жергілікті атқарушы орган жыл сайын бюджеттен жылыту маусымына дайындық үшін қаржы қаражатын бөледі. Алайда бөлінген қаражат электр станциялары мен жылу желілері жабдықтарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына ғана жетеді.

2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына ЖЭО-5 және жылу желілерін дайындау үшін жергілікті және облыстық бюджеттен 1,9 млрд.теңге, оның 1,2 млрд.теңгесі көмір сатып алуға бөлінді, ал ЖЭО-5 жабдықтары мен жылу желілерін жөндеуге қажетті сома 3 млрд 180 млн.теңге болған кезде, тек 757 млн.теңге ғана бөлінген болатын.

Жылу желілерін жөндеу мен жаңғыртуға жеткіліксіз қаржының бөлінуі соңғы 4 жылда жылу желілерінің тозуын 9% - ға, яғни 47% - дан 56% - ға дейін ұлғайтуға алып келді.

Кездесу қорытындысы бойынша ведомство басшысы ЖЭО-5-тің барлық проблемалық мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді және алдағы жылыту маусымын өткізу үшін отынның нормативтік қорымен қамтамасыз ету қажеттігіне «Кентау сервис» МКК басшыларының ерекше назарын аударды.

- Кентау қаласын тұрақты жылумен жабдықтау мақсатында қала әкімдігі қаланы жылумен жабдықтауды дамыту перспективалары бойынша шешім қабылдауы қажет, - деп түйіндеді министр.

Бұған дейін Кентау қаласының әкімдігі көп қабатты тұрғын үйлерде жеке газ қазандықтарын орната отырып, қолданыстағы тұтынушыларды ЖЭО-дан автономды жылытуға ауыстыру арқылы қаланы жылумен жабдықтау жүйесін дамытудың баламалы нұсқасын ұсынған болатын. Баламалы жобаның алдын ала құны 24,2 млрд. теңгені құрады.

Сондай-ақ ҚР Энергетика министрі жұмыс сапары барысында «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-да болып, барлық технологиялық процеспен танысты.

Зауыт Қазақстанның электр энергетикасын қоса алғанда, экономиканың барлық салалары үшін жеткізілетін, кеңінен қолданылатын трансформаторлық жабдықтың қазақстандық жетекші өндірушісі ретінде танымал, сондай-ақ өнімді ТМД және Орта Азия елдерінің аумағына экспорттауды жүзеге асырады.

Өткен жылдары зауыт өнімдерінің тізбесі 400-ден астам өнімге жетті. Зауыттың негізгі стратегиясы сапасы, бағасы, жеткізу шарттары және ұсынылатын сервис бойынша тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін үздік электр-техникалық өнімді нарыққа жеткізу болып табылады. Бүгінгі таңда зауыт заңды түрде отандық электр машина жасау өндірісінің көшбасшысы болып табылады.

Сондай-ақ зауыт әлемдегі ең үздіктердің бірі болып саналатын жетекші батыс және еуропалық фирмалардың ең жаңа жоғары технологиялық жабдықтарын пайдалана отырып, импортты алмастыруды дамытуда. Жабдықтарды дайындау кезіндегі қазақстандық қамту үлесі 85% - ды құрайды.