Степногорск ЖЭО-дағы ағымдағы жағдай бойынша

Степногорск ЖЭО-дағы ағымдағы жағдай бойынша

25-наурызда Степногорск ЖЭО бу қыздырғышында тесік саңылаудың табылуына байланысты КА-3 авариялық жағдайда тоқтатылды.

26 наурызда бу қыздырғыштың төбесінде тесік саңылаудың табылуына байланысты КА-5 авариялық жағдайда тоқтатылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, жылу тасығыштың температурасының күрт төмендеуіне жол бермеу мақсатында 25-наурызда резервтегі №4 су жылыту қазандығы іске қосылды.

Қазіргі уақытта 3 энергетикалық қазандық агрегат және бір су жылыту қазандығы жұмыс істеп тұр.

Станцияның сыртындағы температура 93-95 С, қалаға кіре берістегі температура 71 С.

Қазіргі уақытта апаттық сөндірулерді жою бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін бригадалар ұйымдастырылды.

Жақын арада апатты-қалпына келтіру жұмыстары аяқталады.

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі