Қазақстанда оңтүстік өңірлерде электр энергиясын өшіру себептерін тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды

Қазақстанда оңтүстік өңірлерде электр энергиясын өшіру себептерін тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрінің басшылығымен оңтүстік өңірлердің тұтынушыларын электрмен жабдықтауға себеп болған "КЕGOC" АҚ электр желілерінде технологиялық бұзушылықтың туындауы және даму себептері мен шарттарын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Тексеріс нәтижелері бойынша орын алған технологиялық бұзушылықтарға алдыңғы уақытта жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында электр энергиясы авариялық жағдайда ажыратылып, сол күні сағат 16.00-де Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірлерінің тұтынушыларына жарық қайта берілді.