ЖЖМ-ға шекті-бөлшек сауда бағалары белгіленді

ЖЖМ-ға шекті-бөлшек сауда бағалары белгіленді

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 6 қаңтардан бастап 180 күнге мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары (қосылған құн салағын ескере отырып) мына деңгейде белгіленген:

1) Аи-80 маркалы бензинге – литріне 89 теңге;

2) Аи-92 маркалы бензинге – литріне  182 теңге;

3) Аи-93 маркалы бензинге – литріне 182 теңге;

4) Аи-95 маркалы бензинге – литріне 215 теңге;

5) дизель отынына (жазғы, маусымаралық):

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Қостанай, Солтұстік-Қазақстан облыстарында – литріне 260 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында  – литріне 230 теңге.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының кейбір өңірлерінде Аи-92 бензинге бөлшек сауда бағасы литріне 189 теңгеге, дизель отынына литріне 320 теңгеге жетеді.  

Қабылданған шешім бағаларды ағымдағы деңгейде шектеуге және мұнай өнімдері жеткізілімінің ақауларыен болдырмауға мүмкіндік береді.

(сурет inbusiness.kz сайтынан)