ҚР Энергетика министрлігінде азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен онлайн-кездесу өтті

ҚР Энергетика министрлігінде азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен онлайн-кездесу өтті

2021 жылғы 19 қарашада Қазақстанның Х Азаматтық форумы шеңберінде ҚР Энергетика Вице-министрі А.М. Мағауовтың азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті.

Кездесуде нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер көтерілді.

Вице-министр Министрліктің негізгі бағыттары және дизель отынының ішкі нарығын тұрақтандыру, оның ішінде ЖЖМ маусымдық тапшылығына жол бермеу бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, Министрлік мынадай шараларды уақтылы қабылдады: мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салу енгізілді; ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап дизель отынының экспорты тоқтатылды; «АМӨЗ» ЖШС-ны жоспарлы жөндеу жұмыстары 2022 жылға ауыстырылды; «АМӨЗ» ЖШС және «ПКОП» ЖШС 100 мың тонна қосымша мұнай көлемімен жүктелді; «ПМХЗ» ЖШС-да мұнайды бастапқы өңдеу кешенін жөндеу мерзімдері ауыстырылды, бұл ағымдағы жылғы қазанның бірінші онкүндігінде қосымша 31 мың тонна дизель отынын өндіруге мүмкіндік берді; РФ Энергетика министрлігімен РФ МӨЗ-дерінен дизель отынының импорты бойынша келіссіөздер жүргізілді.

Сондай-ақ Министрлік ЖЖМ-ның маусымдық тапшылығын және ішкі нарықтағы бағалардың алыпсатарлық ауытқуын болдырмауға бағытталған бірқатар шаралар әзірледі, олар:

- мұнай өнімдерін беру шарттарын кеңейте отырып, Мемматрезерв базаларында сақтау көлемін ұлғайту (жоспардан тыс жөндеулер, МӨЗ мен құбырлардағы авариялар);

- заңнамалық деңгейде ірі тұтынушылардың (ҚТЖ, тау-кен өнеркәсібі және т. б.) қажетті қалдықты сақтауы бойынша міндеттемелерді көздеу;

- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының қорларын алдын ала қалыптастыруы;

- МӨЗ жөндеу жүргізу мерзімдерін оңтайландыру және жөндеу түрлерін нақты регламенттеу;

- барлық мұнай базаларын есепке алудың бақылау аспаптарымен кезең-кезеңмен жарақтандыру жөніндегі талапты көздеу.

Сондай-ақ «Сұрақ-жауап» секциясы барысында ҚР Энергетика Вице-министрі Әсет Мағауов онлайн-кездесуге қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.