Қазақстанда автомобиль көлік құралымен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынады

Қазақстанда автомобиль көлік құралымен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынады

Энергетика министрлігі мұнай өнімдері тапшылығының туындауына жол бермеу үшін «Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрық әзірледі, оған сәйкес бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады. 

Тыйым салу жағармайды әкетуге және ЖЖМ-ді автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларына қолданылмайды.

Сілтеме: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100025095  

(Фото inform.kz сайтынан)