Маңғыстау облысын газдандыруға 266 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

Маңғыстау облысын газдандыруға 266 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

Маңғыстау облысында жалпы сомасы 266,6 млрд.теңгеге газ инфрақұрылымының 7 жобасын іске асыру жоспарлануда.

Оның ішінде:

- «Бейнеу-Жаңаөзен» учаскесінің 1-тармағын күрделі жөндеу;

- «Бейнеу-Жаңаөзен» учаскесінің 2-тармағын салу;

- «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырын күрделі жөндеу;

- автоматтандырылған газ тарату станциясымен Құрық ауылына «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырынан бұру газ құбырын және тарату газ құбырларын салу.

Жобаларды іске асыру Маңғыстау облысын газбен жабдықтау мәселесін толық шешуге мүмкіндік беретін болады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жаңаөзен қаласында заманауи газ өңдеу зауытын салу жоспарлануда.

«Жұмыс істеп тұрған Қазақ газ өңдеу зауытының тозу деңгейі өте жоғары. Бұл зауыт әлемдік стандарттарға сәйкес жылына 900 млн. текше метр көлемінде шикі газды қайта өңдейтін болады», - деп Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында мәлімдеді.