Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жеткізу басым негізде жүзеге асырылады

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жеткізу басым негізде жүзеге асырылады

Күзгі дала жұмыстарын жүргізу және жем-шөп дайындау жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 440 мың тонна дизель отыны бөлінді, деп хабарлады Мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев.

Ресурс ұстаушылардың босату бағасы «ПМХЗ» ЖШС және «ПКОП» ЖШС-да 1 тоннасы үшін ҚҚС қосқанда 189 мың теңге немесе  1 литрі үшін 159 теңге және "АМӨЗ" ЖШС-да 1 тоннасына 187 мың теңге немесе 1 литріне 159 теңге. Жеткізу мен сақтауды ескере отырып, дизель отынының бағасы өңірге байланысты шамамен 175-180 теңгені құрайды, бұл Жанармай құю станцияларындағы бағадан арзан, деп Сәлімгереев Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.

Сәлімгереевтің айтуынша ағымдағы жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша, іс жүзінде 282 мың тонна дизель отыны тиеп-жөнелтілді. Жоспарланған жеткізу 28,5 мың тоннаны құрайды.

- Дизель отынымен қамтамасыз етуде олқылықтарды болдырмау үшін жоспарлы жөндеу ПМХЗ-ға ауыстырылды. Бастапқыда жөндеу жұмыстарын 24 шілдеде 24 күн бойы бастапқы қайта өңдеумен бастау жоспарланған болатын. Іс жүзінде жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 1 қазанында басталады, деп түсіндірді Сәлімгереев.

Қазіргі уақытта дизель отынын тұтынудың айтарлықтай өсуі байқалады, тұтынудың өсуінің негізгі себептерінің бірі транзиттік жүк тасымалдарының маусымдық ұлғаюы болып табылады, оның шыңы 2021 жылдың тамызына келді. Тұтыну көлемі 519 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 84 мың тоннаға және 2019 жылмен салыстырғанда 37 мың тоннаға артық.

Бүгінгі таңда Қазақстанда дизель отыны көрші елдерге қарағанда арзан (Ресей Өзбекстанмен салыстырғанда 90 теңгеге, 77 теңгеге және Қырғызстанмен салыстырғанда 60 теңгеге арзан). Айырмашылықтың жоғары болуына байланысты бізде барлық транзиттік жүк көліктері толтырылады. Ірі ЖМҚС ақпараты бойынша қалалық ЖМҚС шамамен 70% бензин мен 30% дизель отынын сатады, ал трассаларда орналасқан ЖМҚС-та кері арақатынас байқалады, деді Сәлімгереев.

Сонымен қатар Бауыржан Сәлімгереев тау-кен металлургия кешені сияқты ірі дизель отынын тұтынушыларға, жер қойнауын пайдаланушыларға, сондай-ақ АЖС желілеріне жеткізуде іркілістерді болдырмау үшін жетіспейтін көлемдердің импортын қарау қажет екенін хабарлады. 

- Ресей Федерациясынан 2021 жылға арналған индикативті теңгерімге сәйкес ҚР-да мүмкін импорт көлемі 530 мың тоннаны құрайды, іс жүзінде 8 айда 145 мың импортталды, сәйкесінше жыл соңына дейін 385 мың тонна импорттауға болады. Бүгінгі күні импорт бойынша ешқандай шектеулер жоқ. Министрлік өз тарапынан РФ әріптестерімен қажетті көлемді импорттау мәселесін пысықтауда, деп айтты Сәлімгереев.