Мағзұм Мырзағалиев Ақтау қаласындағы МАЭК-Қазатомөнеркәсібінде болды

Мағзұм Мырзағалиев Ақтау қаласындағы МАЭК-Қазатомөнеркәсібінде болды

2021 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Энергетика
министрі Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Ақтау қаласындағы
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-да болды.

​«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ы бірыңғай энергия және су өндіруші
кешен, оның негізгі міндеттері Маңғыстау облысының елді мекендері мен
кәсіпорындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету, Атырау облысы үшін
электр энергиясын резервтеу, Ақтау қаласын жылу энергиясымен, ауыз
сумен, ыстық және техникалық сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ
өнеркәсіптік кәсіпорындарды дистиллятпен қамтамасыз ету болып табылады.
Сапар барысында Министр «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қызметімен
танысып, ЖЭО-2-ні аралады.

Энергия көздерін жаңғырту бойынша жоспарланған жобаларды іске асыру
және алдағы жылыту маусымына дайындық туралы ақпарат тыңдалды.

Сапар қорытындысы бойынша министр «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС
басшылығына тиісті тапсырмалар берді.