Сенат Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

Сенат Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары пленарлық отырыс барысында Армения Республикасының қосылуына байланысты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын қарады, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

Хаттаманы ратификациялаудың мақсаты Армения Республикасының баға белгілеу және тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамаға қосылуын ескере отырып, Одаққа мүше мемлекеттердің энергия жүйелерінің тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.

Армения 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған Армения Республикасының қосылуы туралы шарт шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылды, оны барлық мүше мемлекеттер ратификациялады және 2015 жылғы 2 қаңтарда Армения Одақтың толық құқылы мүшесі болды.

Одаққа мүше мемлекеттердің аумағы бойынша Армения тарапынан электр энергиясын мемлекетаралық беру өзара қарым-қатынастарын реттеу шеңберінде хаттама әзірленді. Оның мақсаты Армения Республикасының Шартқа қосылуына байланысты Одақ елдері арасында электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасын айқындау болып табылады.

Хаттама жобасы Еуразиялық экономикалық одақ Кеңесінің 2017 жылғы   3 наурыздағы Өкімімен мақұлданды.

Бүгінгі таңда хаттаманы Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей ратификациялады.

(Сурет Gov.kz сайтынан)