Қазақстанда батыс аймақты ҚР БЭЭЖ-мен біріктіру бойынша жобаның ТЭН-і әзірленуде

Қазақстанда батыс аймақты ҚР БЭЭЖ-мен біріктіру бойынша жобаның ТЭН-і әзірленуде

Батыс аймақтың электр желілерін ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен (БЭЭЖ) біріктіру бойынша жобаның алдын ала ТЭН-і әзірленуде.

Біріктіруді Ақтөбе қаласынан Атырау қаласына дейін; Жезқазған қаласынан Атырау қаласына дейін; Шымкент қаласынан Маңғыстау облысының Бейнеу ауылына дейін үш ықтимал бағыт бойынша 500 кВ желі салу арқылы іске асыруға болады.

Сондай-ақ, Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЭЖ) батыс аймағының электр желісін күшейту үшін Орал – Оң жағалау – Индер – Атырау – Құлсары – Теңіз 220 кВ қолданыстағы транзитінің екінші тізбегінің электр желілік объектілерін салу жобасы басталды.

- Аталған іс-шараны іске асыру батыс өңірлердің тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге және елдің энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді реттеу үшін маневрлік қуат ретінде өңірдің газ генерациясының әлеуетін іске қосуға мүмкіндік береді, - деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдындағы есеп беру кездесуде.

Министр авариялық өшіру қаупіне байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр желілерін күшейту қажеттігін атап өтті. ОҚГРЭС-Жамбыл-Шымкент бағыты бойынша 500 кВ электр беру желісін салу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған электр желілерін жаңғырту қажет болады.