Қазақстанда жергілікті қамтуды дамыту жұмыстары жалғасуда

Қазақстанда жергілікті қамтуды дамыту жұмыстары жалғасуда

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудағы жергілікті қамтуды дамытуға көп көңіл бөледі. 2020 жылдың қорытындылары бойынша көмірсутек шикізатын жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алудың және уран өндірудің жалпы көлемі шамамен 5,4 трлн.теңгені құрады. Бұл ретте осы сатып алулардағы жергілікті қамтудың (бұдан әрі - ЖҚ) үлесі 46%-ды құрады.

 

Жергілікті кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шеңберінде пандемия кезеңінде жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ-ны сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді, бұл жер қойнауын пайдаланушыларға конкурстық рәсімдерді өткізбей, бір көзден қазақстандық тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Министрлік мұнай - газ секторындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға қабілетті екі бастаманы іске асыруда: біріншісі - отандық АТ - әзірлемелерін ілгерілету үшін жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қорын құру, екіншісі - халықаралық мұнай-газ машинасын жасауды және сервис дамыту орталығын құру, - деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдындағы есеп беру кездесу барысында.

Бүгінгі таңда «Машина жасау орталығы» құрылды, бұл жергілікті тауар өндірушілердегі/сервистік компаниялардағы 3 ірі Оператордың мұқтаждықтары үшін тауарларды/көрсетілетін қызметтерді өндіру мен жеткізудегі бар олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Басқаша айтқанда, ол NСОС, КПО, ТШО сияқты кәсіпорындарға жұмыс істеуге және өз өнімдерін жеткізуге мүмкіндік алу үшін біздің бизнеске жан-жақты қолдау көрсетеді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Шеврон компаниясы реинвестициялық міндеттемелер шеңберінде табысты қазақстандық кәсіпорындардың жаңа жобаларын қаржыландыратын «Жергілікті қамтуды дамыту» бірегей қорын іске қосатын болады.

Оның бірегейлігі - бұл шетелдік компанияның қазақстандық бизнесті инвестициялауға бағытталған қор құруының жаңа мысалы.

Осындай бастамалардың арқасында біз болашақта мұнай-газ саласы үшін өнім өндірудегі өз жүйемізді құрамыз.