Қазақстанда жыл соңына дейін мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесі іске қосылады

Қазақстанда жыл соңына дейін мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесі іске қосылады

Елімізде өндірілетін мұнай мен газ конденсатының 60%-нан астамы цифрлық мониторингке кіреді.

Бүгінде жоба пилоттық режимде іске қосылды. Оған жеті мұнай өндіруші ұйым, төрт мұнай тасымалдаушы ұйым және үш мұнай өңдеу зауыты қосылған.

- «Ағымдағы жылы мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарланған», - деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде.

Ақпараттық жүйеге Қазақстандағы мұнай мен газ конденсатын жалпы өндіру мен өңдеудің 60%-нан астамын жүзеге асыратын компаниялар қосылады.

Республикада 2020 жылы 85,7 млн тонна мұнай өндірілді. 2021 жылға жоспар - 85,3 млн тонна.

2020 жылы мұнай өңдеу 15,8 млн тоннаны құрады (2021 жылға жоспар - 17 млн тонна).

Өткен жылы мұнай өнімдерін өндіру - 11,5 млн тонна. 2021 жылы Қазақстанда 12,4 млн тонна мұнай өнімдерін шығару жоспарланып отыр.