Қазақстанда Экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына баға белгілеу қағидаларының (әдістемесінің) жобасы әзірленді

Қазақстанда Экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына баға белгілеу қағидаларының (әдістемесінің) жобасы әзірленді

«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі көмірсутегін өндіру саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде Экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына баға белгілеу қағидаларының (әдістемесінің) жобасын әзірледі.      

Осы нормативтік құқықтық акт экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсаты бойынша мәміле (сату) бағасын айқындау тәртібін белгілеуге, сондай-ақ дифференциалдың құрамдас бөліктерін анықтауды реттеуге, оған қоса бастапқы құжаттарды және олардың пайдалану тәртібін анықтауға бағытталған.

Қағидалардың (әдістеменің) қабылдануы баға белгілеу тетігінің  ашықтығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік бюджетке кірістерді көбейтеді және экспорттаушылар мен уәкілетті органдар арасында туындайтын дауларды болдырмайды.

(Сурет Strategy2050.kz сайтынан)