Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтуды жалғастырады

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтуды жалғастырады

Бүгін, 1 сәуірде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін мамырда тәулігіне 350 мың баррельге, маусымда тәулігіне 350 мың баррельге және шілдеде тәулігіне 450 мың баррельге ұжымдық ұлғайту туралы шешім қабылданды.

Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін міндеттемелер мамырда тәулігіне 1,463 млн.баррельді, маусымда тәулігіне 1,469 млн. баррельді және шілдеде тәулігіне 1,475 млн. баррельді құрайды.

(Сурет КазТАГ сайтынан)