Қазақстан 2021 жылы 109 млрд. кВт.сағ электр энергиясын өндіруді жоспарлап отыр

Қазақстан 2021 жылы 109 млрд. кВт.сағ электр энергиясын өндіруді жоспарлап отыр

Қазақстан тұтыну көлемі 107,3 млрд. деңгейінде болған кезде 2020 жылы 108 млрд. кВтсағ электр энергиясын өндірді, бұл еліміздің электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз ететінін көрсетеді, деп хабарлады Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Ноғаевтың айтуынша, қуат нарығы шеңберінде электр энергиясын өндіру секторына тартылған инвестициялар көлемі өткен жылы 82 млрд. теңгеден асты.

Республикалық бюджет есебінен 2020 жылы 31,4 млрд.теңге сомасына 24 жоба іске асырылды, оның ішінде 6 жоба аяқталды (сомасы – 3,6 млрд. теңге).

- 6 жобаны іске асыру шамамен 120 мың адамды сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауға; 18,1 мың адамды және 10 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бюджетке түскен салық кірістері 5 млрд. теңгеден астам соманы құрады, - деп түсіндірді Министр.

Құрылыс кезінде 902 жұмыс орны, соның ішінде тұрақты – 184 жұмыс орны құрылды.

Электр энергетикасы саласына инвестициялар ағынын өрістету мақсатында Министрлік электр станцияларын жаңғырту, реконструкциялау және жаңарту үшін шекті жол берілетін лимитті жылына 10-нан 30 млрд. теңгеге дейін ұлғайтты.

2021 жылы 109 млрд. кВт.сағ электр энергиясын өндіру жоспарланған. Сонымен қатар, ведомство маневрлік қуаттар құрылысын ынталандыру және гидроэнергетиканы дамыту жоспарын іске асыру жұмысын жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, Министрлік Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі аймағында электр станциясының типі, аймақты, маневрлік қуаттың қажетті көлемдерін айқындай отырып, маневрлік генерациялау режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарын әзірлеп бекітті. Жоспарға сәйкес маневрлік қуаттарды салу үшін перспективалық алаңдар анықталды, ал 2021 жылдың соңында инвестициялық жобаларды іріктеудің аукциондық сауда-саттығын өткізу жоспарлануда.

- Өсіп келе жатқан электр энергиясын тұтынуды және энергобаланстағы баламалы және жаңартылатын энергия түрлерінің үлесін ескере отырып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маневрлік қуаттарды дамыту қажетті шарт болып табылады, - деп атап өтті Энергетика министрі.