Қашаған кен орнының операторы толық көлемде игеру тұжырымдамасын әзірлейтін болады

Қашаған кен орнының операторы толық көлемде игеру тұжырымдамасын әзірлейтін болады

Энергетика министрлігі Қашаған кен орнының операторымен бірлесіп, толық көлемде игеру тұжырымдамасын әзірлеуге дайындық жүргізуде, деп хабарлады энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

- Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Нұрлан Ноғаев: «Біз Оператормен бірлесіп, осы жылдың соңына қарай одан әрі кеңейту  тұжырымдамасын пысықтауымыз керек», - деп атап өтті.

- Қазіргі уақытта тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру кезеңінің барлық нысандары пайдалануға берілді, олардың өндірістік қуаты тәулігіне 400 мың баррельді құрап отыр. Дегенмен Министрлік 2020 жылғы мамыр айынан бастап енгізген шектеулерге байланысты орташа тәуліктік өндіру 280 мың баррель деңгейінде тұр, - деп қорытындылады министр.

Ведомство басшысы ағымдағы жылы Қашаған кен орнының шикізаты негізінде құны 860 млн АҚШ доллары, қуаты 1,1 млрд.м3 шикі газ шығаратын газ өңдеу зауытының құрылысын бастау  жоспарланғанына назар аударды.

Осы жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже – қосымша 800 млн.м3 тауарлық газ өндіру және жаңа жұмыс орындарын құру (құрылыс кезінде – 2800 адам, пайдалану кезеңінде – 600 адам), сондай-ақ мұнай өндіру көлемін 10 млн.тоннаға дейін ұлғайту болып табылады.

Бұдан басқа,  Теңіз кен орнында құны 45,2 млрд. АҚШ долларын құрайтын Келешекте кеңейту жобасы іске асырылуда ( 01.01.2021 жағдай бойынша жоба шығындары 34,3 млрд. долл.). Жобаны 2023 жылы аяқтау күтілуде, бұл өндіруді жылына 12 млн.тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобадағы қазақстандық қамту көлемі 36%.

- Бүгінгі таңда жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, жоба бойынша жұмыстардың жалпы прогресі 81%. 2021 жылы жұмыстар прогресінің күтілетін деңгейі 90%-ды құрайтын болады,-деп атап өтті Ноғаев.

Қарашығанақ жобасына қатысты Газ бойынша өндірістік шектеулерді  алып тастау және Газды кері айдаудың 4-ші компрессоры жобасы сияқты инвестициялық жобалар белсенді іске асырылуда. Аталған жобаларды іске қосу Өнімді бөлу туралы келісім (ӨБТК) мерзімінің соңына дейін қосымша 18,5 млн.тонна сұйық көмірсутегін өндіруге мүмкіндік береді, жиынтық инвестиция сомасы  $1 млрд 678 млн.

Сонымен қатар, 2020 жылғы желтоқсан айында Қарашығанақ кен орнын кеңейту-1-кезең (ҚКЖ-1) ірі инвестициялық жобасын іске асыру бойынша Түпкілікті инвестициялық шешім қабылданды. Бұл газды кері айдаудың 5-ші компрессорын іске қосуды ескере отырып, сұйық көмірсутегін өндіруді жылына 10-11 млн. тонна деңгейінде ұстауға бағытталады.

Жобаның бюджеті 970 млн.АҚШ доллары. Аяқталу мерзімі -2025 жыл.