Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (ЕАЭО 045/2017 ТР) өтпелі ережелері ұзартылды

Еуразиялық экономикалық одақтың  «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға  дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің  (ЕАЭО 045/2017 ТР) өтпелі ережелері ұзартылды

«Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 6 наурыздағы  № 36 шешіміне өзгерістер  енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 188 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе)  пайдалануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің  (ЕАЭО 045/2017 ТР) өтпелі ережелері 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды.

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға орай Одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында да өзін-өзі оқшаулау режимін енгізу, сондай-ақ халықаралық шекаралардың жабылуы  салдарынан Қазақстан Республикасының, сонымен бірге өзге де Одаққа қатысушы елдердің жер қойнауын пайдаланушылары ЕАЭО 045/2017 техникалық регламентін іске асыру жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын жүзеге асыра алмады.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 6 наурыздағы           № 36 шешіміне өзгерістер  енгізу мақсаты –  жер қойнауын  пайдаланушыларға өндірістік қуаттардың   жай-күйін ЕАЭО 045/2017 ТР талаптарына сәйкес келтіруге,  мұнай-өңдеу зауыттарын  материалдық базамен толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік беру.

«Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 6 наурыздағы  № 36 шешіміне өзгерістер  енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 188 шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01528288/err_31122020_188 сілтемесі бойынша танысуға болады.