Энергетика министрі Total концерні барлау және өндіру бөлімшесінің басшысымен бірлескен жобаларды талқылады

Энергетика министрі Total концерні барлау және өндіру бөлімшесінің басшысымен бірлескен жобаларды талқылады

17 ақпанда Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Total компаниясы Барлау және Өндіру бөлімшесінің басшысы Арно Брёйякты қабылдады, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

 

Арно Брёйяк кездесу барысында «Total» компаниясының Каспий және Оңтүстік Еуропа бойынша жаңа вице-президенті Кристин Хейлиді таныстырды.

Нұрлан Ноғаев «Total» компаниясының Каспий және Оңтүстік Еуропа бойынша бұрынғы Вице-президенті Бернар Клеменге жемісті бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, Кристин Хейлидің жұмысына сәттілік тіледі.

Тараптар бірлескен жобаларды дамыту және COVID-19 пандемиясының мұнай-газ секторына әсері мәселелерін талқылады.