Аукциондар жүйесі жаңартылатын энергия көздеріне бағаның айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді

Аукциондар жүйесі жаңартылатын энергия көздеріне бағаның айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді

Үкімет отырысы барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтып өткендей, жиынтық қуаты 1,5 ГВт ЖЭК жобалары үшін 2018-2020 жылдардағы халықаралық аукциондық сауда-саттық электрондық форматта өткізілді.

3 жылдың ішінде 25 аукцион сәтті өткізілді. Сауда-саттыққа 12 елден, атап айтқанда, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Германия, Франция, Болгария, Италия, Біріккен Араб Әмірліктері, Нидерланды, Малайзия, Испания елдерінен 172 компания қатысты.

Аукцион жүйесі «жасыл экономика» деген бағалардың айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Жекелеген жобалар бойынша тарифтердің барынша төмендеуі күн электр станциялары үшін – 64%, жел электр станциялары үшін– 30% және гидроэлектр станциялары үшін – 19 % құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша 58 компания ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен (Қаржы-есеп айырысу орталығымен) жиынтық қуаты 1219 МВт-қа 15 жылға арналған келісімшарттарға қол қойды. Қаржы-есеп айырысу орталығы өз қызметін бастаған сәттен бастап жаңартылатын энергетика секторына шамамен 626 млрд.теңге тартылды және салынған нысандар шамамен 81 млрд. теңге салық төлейтін  болады.

Министр соңғы жылдары халықаралық қаржы институттарымен және ұйымдармен бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қою арқылы секторға шамамен 240 млрд.теңге (немесе 613 млн. АҚШ доллары) сомасында инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

«Жасыл энергия» секторында қазір әлемнің 10 елінен инвесторлар, сондай-ақ Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі, Қазақстан Даму Банкі сияқты ірі қаржы ұйымдары жұмыс істейді. Сонымен қатар инвесторлар ретінде Эни, Тоталь-Ирен сияқты ірі мұнай компаниялары келіп, Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асырды. Сондай-ақ осы компаниялардың ЖЭК жобаларын одан әрі дамыту бойынша  жоспарлары бар.

(Сурет petrocouncil.kz сайтынан)