Олжас Байділдинов ҚР ЭМ «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі болып тағайындалды.

Олжас Байділдинов ҚР ЭМ «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі болып тағайындалды.

2020 жылы Энергетика министрлігінің орталық аппаратында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды, ол келушілерге ыңғайлы болу үшін ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Қоғам қайраткері Олжас Байділдинов «Адалдық Алаңының» жобалық кеңсесінің жетекшісі - ҚР Энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Олжас Байділдиновтің Энергетика министрлігінің құрылымдарында, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында, банк саласында тәжірибесі бар, мұнай сервисі саласында өзінің бизнесін дамытумен айналысқан, 2016 жылдан бастап Atameken Business телеарнасында «Байдильдинов. Нефть» салалық авторлық бағдарламасын жүргізеді, әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында қазақстандық мұнай-газ секторының дамуы туралы талдамалық материалдар жариялайды.

ҚР Энергетика министрлігінің «Адалдық алаңының» жобалық кеңсесінде сенім телефоны ұйымдастырылған (8-7172-786938), осы нөмір арқылы әрбір адамның кеңес алу немесе шағыммен жүгіну мүмкіндігі бар.