Сенат ТМД елдерінің ядролық авариялар кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады

Сенат ТМД елдерінің ядролық авариялар кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады

Пленарлық отырыс барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

ҚР Энергетика министрі Нұрлан НОҒАЕВ айтқандай, осы Келісімді ратификациялау ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында жедел ақпарат беріп, көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Келісім ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігі мен өнімділігін арттыруға, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға байланысты туындауы мүмкін кез келген оқиғаларға дер кезінде ден қоюға бағытталған.

Сонымен бірге, осы Келісім ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуал туындаған кезде мамандандырылған авариялық-құтқару құралымдарының, осы құралымдарды техникалық жарақтандыру ретінде пайдаланылатын жабдықтардың, көлік құралдары мен материалдардың орын ауыстыру рәсімдерін оңайлатуға мүмкіндік береді.

(Сурет Liter.kz сайтынан)