Қазақстанда радиациялық авариялық жағдай туындаған кездегі өзара көмек туралы келісім ратификацияланбақшы

Қазақстанда радиациялық авариялық жағдай туындаған кездегі өзара көмек туралы келісім ратификацияланбақшы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыс барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз сөзінде айтып өткендей, осы Келісімді ратификациялау ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуал туындаған жағдайда, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында ақпарат пен көмекті жедел ұсынуға мүмкіндік береді.

Келісім ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдары арасындағы өзара іс-қимылдың жеделдігі мен өнімділігін арттыруға, атом энергиясын бейбіт мақсаттарда пайдалануға байланысты кез келген ықтимал оқыс оқиғаларға уақтылы ден қоюға бағытталған.

Сонымен қатар, аталған Келісім ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуал  туындаған жағдайда мамандандырылған авариялық-құтқару құралымдарын, осы құралымдарды техникалық жарақтандыру ретінде пайдаланылатын жабдықтарды, көлік құралдары мен материалдарды, мамандарды трансшекаралық өткізу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Сенатының қарауына жіберілді.

 (Сурет neftegaz.ru сайтынан)