Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша консенсусты қолдады

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша консенсусты қолдады
Бүгін, 3 желтоқсанда видеоконференция форматында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрліктерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
 
ОПЕК+ кездесуінде Қазақстан тарапын Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев таныстырды. 
 
Ноғаевтың айтуынша, ОПЕК+ келісімі әлемдік мұнай индустриясына оң ықпалын тигізеді, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін сақтап, мұнай мен мұнай өнімдерінің нарығын тұрақтандырады. 
 
Кездесудің нәтижесінде 2021 жылдың қаңтар айында мұнай ұсынысын ОПЕК + елдерінің жалпы өндіру көлемінен тәулігіне 500  мың.баррельге арттыру туралы шешім қабылданды.
 
ОПЕК+ елдерінің жалпы шектеуі 2021 жылдың қаңтарында негізгі деңгейден тәулігіне 7,2 млн. баррельді құрайды.
 
Қазақстан үшін шектеу деңгейі 2021 жылдың қаңтарында тәулігіне 1,417 млн. баррельді құрайды. 
 
Сонымен қатар 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қатысушы елдер мұнай нарығындағы ағымдағы жағдайды бақылау және бұдан әрі шектеудің деңгейін  анықтау үшін министрліктердің кездесуін ай сайын өткізу туралы келісті.
 
(Сурет kursiv.kz сайтынан алынды)