Қоғамдық кеңесте құбырларды ішкіқұбырлық тексеру және экспортты дамыту талқыланды

Қоғамдық кеңесте құбырларды ішкіқұбырлық тексеру және экспортты дамыту талқыланды

Астанада Жақып Хайрушевтың төрағалығымен Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Жиынға Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев, Қоғамдық кеңестің мүшелері, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде құбырларды ішкіқұбырлық диагностикалау, баға белгілеуді және биржалық сауданы либерализациялау, мұнайды экспорттаудың баламалы бағыттарын зерттеу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, Еуразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде мұнай мен газдың жалпы нарығын қалыптастыру талқыланды.

Талқылау нәтижесінде қарастырылған бағыттар бойынша жұмысты одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар бекітілді.