Энергомин мен Дүниежүзілік экономикалық форум энергетикадағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Энергомин мен Дүниежүзілік экономикалық форум энергетикадағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Энергетика министрлігінде Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) делегациясымен кездесу өтті. Делегацияны Өңірлер, сауда және геосаясат орталығының Еуропа және Еуразия бағытының жетекшісі Дитрих Джон басқарды.

Кездесуге ДЭФ-тің Еуропа және Еуразиядағы әріптестікті дамыту бағытының жетекшісі Марвен Гарбаа да қатысты.

Тараптар энергетика және стратегиялық маңызды минералдар салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына негізгі назар аударды.

Атап айтқанда, Министрліктің ДЭФ-тің Энергетика және материалдар орталығымен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері, сондай-ақ Форумның энергетикалық көшу, стратегиялық маңызды минералдардың тұрақты жеткізу тізбектерін қамтамасыз ету, энергетикаға жаңа технологияларды енгізу және өнеркәсіптік кластерлерді трансформациялауға бағытталған бейінді бастамаларына Қазақстанның қатысу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар AI in Energy, Securing Minerals for Energy and Technology және Transitioning Industrial Clusters бағыттары бойынша ынтымақтастық перспективалары қаралды. Аталған бағыттар нақты бірлескен бастамаларды әзірлеуге негіз бола алады.

Тараптар сондай-ақ Қазақстанның энергетика саласындағы басымдықтарын ДЭФ-тің халықаралық алаңдарында неғұрлым белсенді ілгерілету мүмкіндіктерін талқылады. Бұл ретте жаһандық сарапшылар мен іскерлік қоғамдастықты энергетика секторындағы перспективалы жобаларды іске асыруға тартуға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың нақты бағыттарын одан әрі пысықтау және оларды Қазақстан мен Дүниежүзілік экономикалық форум арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен жол картасына енгізу мүмкіндігін қарастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.