Нұрлан Ноғаев: Жергілікті қамту үлесін арттыру - Министрліктің басым міндеті

Нұрлан Ноғаев: Жергілікті қамту үлесін арттыру - Министрліктің басым міндеті

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыс орталығында орналасқан «Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметімен, соның ішінде «Зияткерлік кен орны» жобасының жұмысымен танысты.

Жұмысын 1993 жылы бастаған бұл мекеме қызметінің бағыты – мұнай мен газ өндіру. «Қазгермұнай» БК» ЖШС теңгерімінде 5 жеке мұнай-газ кен орны бар, атап айтқанда, Орталық Ақшабұлақ, Шығыс Ақшабұлақ, Оңтүстік Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай. Онда 746 адам жұмыс жасайды.

2019 жылы мұнай өндіру көлемі 2,2 млн.тоннаны құрады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің отын-энергетикалық кешенін цифрландырудың бекітілген жол картасы аясында өткен жылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС «Зияткерлік кен орны» цифрлық технологиясын енгізді.

Осы технологияны енгізу мұнай өндірісінің 1-2% -ға дейін, айлық есептік көрсеткіштің 700 күнге дейін өсуіне, пайдалану шығындарының 10% -ға дейін төмендеуіне және басқарушылық шешімдердің тиімділігін 20% дейін арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ, делегация «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-да болып, жұмыс барысымен танысты. Аталған кәсіпорын өз жұмысын 1986 жылы бастады. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ – Оңтүстік Торғай бассейніндегі: Құмкөл (оңтүстік-шығыс бөлігі), Оңтүстік Құмкөл, Шығыс Құмкөл, Солтүстік Нұралы, Арысқұм, Қызылқия, Солтүстік-Батыс Қызылқия, Майбұлақ, Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ барлау блоктарында мұнай кен орындарын игеруді жүзеге асыратын мұнай өндіруші компания.

2019 жылы мұнай өндіру көлемі 933 мың тонна мұнайды құрады.

Мұнай саласының қызметкерлерімен кездесу барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев іске асырылып жатқан жобалардағы қазақстандық қамту үлесін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

- Мемлекет басшысы мұнай-газ саласындағы қазақстандық қамту үлесін арттыру қажеттігіне бірнеше рет назар аударды. Министрлік бұл бағытта жұмыс жүргізуде, Chevron компаниясымен бірлесіп, жергілікті қамтуды дамыту қоры құрылуда, үш ірі оператормен бірге мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы ашылуда. Бұл министрлік алдында тұрған басым міндеттердің бірі. Сонымен қатар, бизнес те жергілікті қамту үлесін арттыруға күш салуы тиіс екенін атап өткен жөн. Тандемде жұмыс жасау арқылы ғана біз бұл бағытта жетістікке жетеміз, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.