Бес жылдық ынтымақтастық: IMBC мамандардың жергілікті қамтуды дамытуға қосқан үлесін атап өтті

Бес жылдық ынтымақтастық: IMBC мамандардың жергілікті қамтуды дамытуға қосқан үлесін атап өтті

Халықаралық мұнай-газ машина жасауын дамыту орталығының (IMBC) бес жылдығына орай Қазақстанның ірі мұнай-газ жобаларында жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі бірлескен жұмыстың нәтижелеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бес жыл ішінде Энергетика министрлігі, IMBC және ірі мұнай-газ компаниялары отандық тауар өндірушілердің ірі операторлардың сатып алуларына қатысуын кеңейту, өндірісті оқшаулауды дамыту, сондай-ақ мемлекет, бизнес және өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Іс-шара барысында осы міндеттерді тікелей іске асырып жүрген мамандарға ерекше назар аударылды.

Жергілікті қамтуды дамытуға және отандық өндірушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға қосқан кәсіби үлесін мойындау мақсатында Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев IMBC қызметкерлері мен ірі мұнай-газ операторларының мамандарына Құрмет грамоталарын табыстады.

Марапаттау соңғы жылдары жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі бастамаларды іске асыруға, ірі операторлармен және отандық өндірушілермен жұмыс жүргізуге, сондай-ақ Қазақстанда өндірісті оқшаулау үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға тікелей қатысып жүрген мамандарға алғыс білдірудің көрінісі болды.

«Қол жеткізілген нәтижелер — ең алдымен жергілікті қамтуды дамыту, операторлармен және отандық өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ қазақстандық бизнестің мұнай-газ жобаларына қатысуын кеңейту бойынша практикалық шешімдер табу бағытында күн сайын жұмыс істеп жүрген мамандардың еңбегінің нәтижесі», — деді энергетика вице-министрі.

IMBC-нің бес жылдығы бірлескен жұмыстың қорытындысын шығаруға ғана емес, сонымен қатар Энергетика министрлігі, ірі мұнай-газ операторлары, IMBC және отандық өндірушілер арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қалыптастыруға үлес қосқан мамандардың еңбегін атап өтуге мүмкіндік берді.

Алдағы уақытта жұмыс жергілікті қамту үлесін одан әрі арттыруға, өндірісі оқшауланатын тауарлар мен қызметтер тізбесін кеңейтуге, отандық мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға және қазақстандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталатын болады.