Энергомин мен S&P Global Ratings мұнай-газ саласын дамыту перспективаларын талқылады

Энергомин мен S&P Global Ratings мұнай-газ саласын дамыту перспективаларын талқылады

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мұнай-газ саласының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

Тараптар мұнай-газ саласындағы негізгі үрдістерді, мұнай мен газ өндіру болжамдарын, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін, сондай-ақ қазақстандық энергия ресурстарын әлемдік нарықтарға жеткізуге арналған экспорттық инфрақұрылым мен логистикалық тізбектерді дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында энергия ресурстарын жеткізудің тұрақтылығын қамтамасыз ету, экспорттық бағыттарды әртараптандыру, көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ жаһандық нарықтағы үрдістердің Қазақстанның энергетика секторына ықпалына ерекше назар аударылды.

S&P Global Ratings агенттігінің өкілдеріне Энергетика министрлігінің саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, инвестициялар тарту, өндірістік қуаттарды жаңғырту және жаңа жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау бағытында жүргізіп жатқан жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының энергетика секторын дамыту мәселелері бойынша сындарлы диалогты және талдамалық ақпарат алмасуды одан әрі жалғастыруға өзара мүдделілік білдірді.