Энергетикалық қауіпсіздік және ынтымақтастықты дамыту: Энергетика министрі Еуропалық Одақ Елшісімен кездесті

Энергетикалық қауіпсіздік және ынтымақтастықты дамыту: Энергетика министрі Еуропалық Одақ Елшісімен кездесті

Астана, 2026 жылғы 10 шілде — Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкичпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде әлемдік энергетикалық нарықтардағы өзара іс-қимылды, энергия ресурстарын жеткізудің сенімділігін қамтамасыз етуді, жаңартылатын энергия көздерін дамытуды, сондай-ақ бірлескен инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыруды талқылады.

Көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылды дамыту және экспорттық инфрақұрылымды жетілдіру мәселелеріне, энергетикалық ынтымақтастықты дамытуға және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған бастамаларды іске асыру перспективаларына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар энергетика саласындағы өңірлік әріптестікті нығайту және өзара қызығушылық тудыратын бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сындарлы диалогты жалғастыруға және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендерін білдірді.