Энергетика министрлігінде мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік мәселелері талқыланды

Энергетика министрлігінде мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік мәселелері талқыланды

2026 жылғы 30 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Қ.С. Тұтқышбаевтың төрағалығымен, мұнай-газ саласының салалық кәсіподақтарының, «KAZENERGY», «PETROMINING» қауымдастықтарының, сондай-ақ Мұнай-газ-химиясы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығының және мұнай-газ саласы жұмыс берушілерінің қатысуымен мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химиясы салаларындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химиясы салаларындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асырудың негізгі мәселелері қаралды. Сонымен қатар 2026 жылға арналған Салалық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, тиісті өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау өкілдері облыстардың ахуалы бойынша, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері баяндама жасады. Ағымдағы жылдың алты айының қорытындысы бойынша мұнай-газ саласында еңбек дауларының алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның және оның Ақтау қаласындағы өкілдігінің әлеуметтік әріптестікті нығайту, еңбек дауларының алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бағытында жүргізіп жатқан жұмысына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ компанияның өндірістік нысандарындағы қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша ағымдағы кезеңде қабылданып жатқан шаралар және әлеуметтік шиеленісті төмендету мен еңбек дауларының алдын алу бағытында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.