
Энергетика министрлігі Аппарат басшысының бұйрығымен Асқар Нұрмұханбетұлы Қонақбаев Газ өнеркәсібі департаментінің директоры болып тағайындалды.
Асқар Қонақбаев 1985 жылы дүниеге келген.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау» мамандығы бойынша, сондай-ақ Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын «Ауыл Газ» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің инженері болып бастаған.
Әр жылдары газ саласында басшылық қызметтер атқарған. «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Ақтау филиалына жетекшілік еткен.
2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да еңбек етіп, жетекші маманнан департамент директорына дейінгі еңбек жолынан өтті.