Энергетика министрлігінде Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің директоры тағайындалды

Энергетика министрлігінде Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің директоры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Аппараты басшысының бұйрығымен Ижанов Айбек Балдайұлы Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.

Айбек Ижанов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау техникасы мен технологиясы» және «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясын «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын өндіріс саласында бастап, кейін мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда және мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі ұйымдарында қызмет атқарды. Әр жылдары Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, «Сарыарқа» ӘКК» АҚ-да, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-да, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінде, «Қазгеология» ҰГК» АҚ-да, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-да, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» АҚ-да және басқа да салалық ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарған.

Осы тағайындауға дейін «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының Сараптама және мониторинг секторының аға менеджері қызметін атқарды.