
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Аппараты басшысының бұйрығымен Шамбулов Айдос Созақбайұлы Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры болып тағайындалды.
Айдос Шамбулов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, University of California университетінде «Құқық» мамандығы бойынша білім алған.
Қазақстан Республикасы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.
Әр жылдары мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның әкімшілік жұмыс бөлімін басқарған, сондай-ақ Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Осы тағайындауға дейін «GrandBuildCompany» ЖШС-нің басқарушы директоры қызметінде жұмыс істеді.