Ерлан Ақкенженов Қазақстандағы Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысымен кездесті

Ерлан Ақкенженов Қазақстандағы Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысымен кездесті

Астана, 2026 жылғы 9 маусым — Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Қазақстандағы миссиясының басшысы Амина Ларешпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның энергетика саласының даму үрдістерін, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін, саланың инвестициялық тартымдылығын, сондай-ақ мұнай-газ кешені мен электр энергетикасын дамытудың перспективаларын талқылады.

Энергетика министрі Қазақстан ел экономикасының дамуына маңызды үлес қосып отырған энергетика секторының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағытын ұстанатынын атап өтті. Бұл ретте энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, мұнай-газ химиясын дамытуға, ресурстық базаны кеңейтуге, инвестициялар тартуға және экспорттық бағыттарды дамытуға ерекше назар аударылуда.

Сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері жеке қаралды. Тараптар салалық саясатты жетілдіру, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және энергетика секторының тиімділігін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты. ХВҚ Қазақстанда энергетика саласын дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға жоғары баға берді.

Халықаралық энергетикалық күн тәртібін талқылау барысында жаһандық энергетикалық нарықтардың тұрақтылығын сақтау, логистикалық тізбектердің сенімділігі мен энергия ресурстарының халықаралық саудасы үшін болжамды жағдайларды қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға және Қазақстанның энергетика саласы мен экономикасын орнықты дамыту мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.