Ерлан Ақкенженов WPC Energy басшылығымен Астанада өтетін Дүниежүзілік энергетикалық конгресті дайындау мәселелерін талқылады

Ерлан Ақкенженов WPC Energy басшылығымен Астанада өтетін Дүниежүзілік энергетикалық конгресті дайындау мәселелерін талқылады

Астана, 2026 жылғы 9 маусым — Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов WPC Energy ұйымының президенті Педро Мираспен кездесу өткізіп, тараптар 2028 жылы Астанада өтетін WPC Energy-дің 26-шы Дүниежүзілік энергетикалық конгресіне дайындық мәселелерін талқылады.

WPC Energy делегациясын қарсы алған министр Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздік, тұрақты даму, технологиялық инновациялар және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша диалог жүргізуге арналған жетекші халықаралық алаңдардың бірі ретінде ұйыммен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар алдағы Конгреске дайындық барысын қарастырды. Аталған Конгресс тарихта алғаш рет Орталық Азия өңірінде өтетін болады. Қазақстан бұл форумды ірі халықаралық іс-шара ретінде ғана емес, сонымен қатар сенімді энергетикалық серіктес және жаһандық энергетикалық диалогтың маңызды қатысушысы ретіндегі мәртебесін нығайтуға мүмкіндік ретінде қарастыратыны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады және 2028 жылы Астанада өтетін WPC Energy Дүниежүзілік энергетикалық конгресі халықаралық энергетикалық қауымдастық үшін маңызды оқиға болатынына сенім білдірді.