
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының бүкілхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституциясының ережелерін түсіндіруге арналған кеңес өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Конституциялық соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, Энергетика министрлігі аппаратының басшысы Айдын Ашуев, «KEGOC» АҚ Басқарма мүшесі – басқарушы директор Төлеген Сафуани, сондай-ақ Энергетика министрлігінің, квазимемлекеттік ұйымдардың және энергетика саласы кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Кеңестің негізгі мақсаты – конституциялық жаңашылдықтарды біркелкі түсіну, олардың практикалық маңызын түсіндіру және оларды халықтың түрлі санаттарына жеткізу тәсілдерін талқылау болды.
Кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі ережелері қаралды, оның ішінде мемлекеттік саясаттағы адамға бағдарланған тәсілді күшейту, «Заң мен тәртіп» қағидатын бекіту, сондай-ақ «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын дамыту мәселелері қамтылды.
Баяндама жасаған Конституциялық сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституция ережелерін олардың құқық қолдану сипаттарына ерекше назар аудара отырып түсіндірді.
«Сұрақ–жауап» сессиясы аясында қатысушылар Конституцияға енгізілген өзгерістерді және олардың практикалық маңызын талқылады. Конституциялық нормаларды одан әрі түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.