Ерлан Ақкенженов Қытай инвесторларымен кездесу өткізді

Ерлан Ақкенженов Қытай инвесторларымен кездесу өткізді

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов East Hope Group компаниялар тобының стратегиялық инвестициялар жөніндегі бас директоры Чен Леймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қостанай облысында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. Сонымен қатар, қытайлық тарап жаңартылатын энергия көздері және көмір өнеркәсібі салаларындағы жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.

Ерлан Ақкенженов Қазақстанның өнеркәсіптік және энергетикалық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамаларды іске асыруға Энергетика министрлігі тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті. Кездесу барысында инвестициялар тартудың, заманауи технологияларды енгізудің, өндірістерді жергіліктендірудің және жоғары қосылған құны бар жаңа жұмыс орындарын құрудың маңыздылығы да айтылды.